АҚШ-тың түбіне жетуі мүмкін бір апат
АҚШ-тың түбіне жетуі мүмкін бір апат
6 жыл бұрын 3667 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бір жыныстылар некесі, отбасы құндылықтарын мансұқтайтын өзге де әлеуметтік дерттер, есірткі, т.б. АҚШ-тың түбіне жететін жат әдеттер деп кезінде Атлант мұхитының арғы жағалауындағы АҚШ-қа қас елдер насихаттап, сәуегейлік жасайтын. Алайда, олардың бұл болжамы әзірге орындалған жоқ. Адам, соның ішінде, еңбек ресурстарына АҚШ-та зәрулік жоқ. Болмайды да, өйткені, күллі әлем АҚШ-қа ағылады. АҚШ азамттығын алуды армандайды. Бұл тұрғыда АҚШ кемдік көрмек емес. Нақты бір ұлтқа тиесілі мемлекет емес, қырық құрақ елдің түбіне, сарапшылардың айтуынша, табиғи апаттар, соның ішінде, боран мен өрт жетуі мүмкін. Сарапшылар бұл пікірді географиялқ ерекшелігіне қарай аталған елде жылда табиғи апаттардың қайталанатындығымен байланыстырып айтып отыр. Жыл сайын миллион емес, милиардтаған, бірнеше миллиард емес, жүз миллиардтаған шығынға батырып кететін табиғи апаттар алып елдің іргесінен үңгіп жатыр. Басқа жылдардағы апаттар мен оның зардаптарын, экономикалық салдарын және шығынын айтпаған күннің өзінде өткен жылы, яғни, 2017 жылы дүлей дауыл мен тілсіз жаудан АҚШ 306 миллиард доллар шығын көрген. Бұл жайында мәлімет Теңіздер мен атмосфераны зерттейтын ұлттық басқарма жасаған баяндамада келтірілген. Баяндамадағы дерек бойынша бір ғана "Харви" дауылынан 125 млрд доллар, ал «Мария» дауылынан 90 млрд доллар, сондай-ақ «Ирма» дауылынан 50 млрд доллар шығын келген. Бір жыл ішінде. Ал бірнеше штатты шарпыған өрттен 18 млрд доллар шығын тартқан. Су тасқыны мен құрғақшылықтың салдарын жою үшін 19 млрд доллар қаржы жұмсаған. Айта кетейік, 2015 жылғы есеп бойынша АҚШ-тың әлем алдындағы қарызы 19 триллион долларға жетіп қалған. 2000 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15 жылдың ішінде қарыз мөлшері 3,5 есеге артқан. 

0 пікір
Мұрағат