АҚШ-та ит иесіне $10 млн көлемінде қазына тауып берді
АҚШ-та ит иесіне $10 млн көлемінде қазына тауып берді
2 жыл бұрын 662

Солтүстік Калифорнияда (АҚШ) ерлі-зайыптылар итімен серуендеп жүріп, мол байлыққа кенелді, деп хабар таратты нұр.кз ақпарат көзі "МиллиардерЪ" басылымына сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар итінің кәрі емен түбін қаза бастағанын көріп, жақындайды. Ит тынбастан қазып, 1427 дана алтын тиындар салынған ыдысты табады.

"Бұл - шамамен 10 миллион доллар көлеміндегі байлық. Барлық тиындар жақсы сақталған, онда 1847-1894 жылдар деп көрсетілген", деп жазады басылым.

Дереккөздің жазуынша, табылған алтын тиындар тіпті, айналымға түспеген, банктен жаңа сатып алынған күйінде жасырылған секілді. Тиындардың түпнұсқа екенін "Professional Coin Grading Service" мамандары растады. Әр монетаның құны шамамен 27 000 долларды құрайды.

Бағасы 1 миллионға дейін жететін сирек даналары да кездеседі. Қазынаға қарық болған жұп есімдерін құпия ұстауды жөн көрді. Олар монетаны Amazon сайты арқылы сатылымға шығармақ ниетте.

0 пікір