АҚШ-та емделуші аяғын қоқысқа тастаған дәрігерлерді сотқа берді
АҚШ-та емделуші аяғын қоқысқа тастаған дәрігерлерді сотқа берді
9 жыл бұрын 2909

Флорида штатының тұрғыны Джон Тимирязефф кесілген аяғын қоқысқа тастаған дәрігерлерді сотқа берді. Бұл жайында tengrinews.kz ақпарат көзі Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.  

Америкалықтың аяғын қоқыс жинаумен айналысатын жергілікті компанияның қызметкерлері тауып алды. Оның табанына науқастың мәліметтері бар жіп жабыстырылған. Компанияның қызметкерлері елеусіз қалдырмауды шешіп, ер адамды іздестіре бастайды.

Тәртіп сақшылары бір айға созылған іздестіру шараларынан кейін Тимирязеффтің отбасын тауып, оған қатысты қандай да бір қылмыс жасалған-жасалмағанын анықтайды. Бұл жаңалықты білген отбасы мүшелері ауруханаға барған. Бірақ олар оқиғаның жай-жапсарын айтудан бас тартты. Ал мекеменің мұндай әрекеттерді қайталамау үшін барлық шараны жүргізетіні белгілі болды.

Тимирязеффтің адвокаты Клэй Робертс оқиға жайлы баяндап жатып, әдетте ауруханаларда кесіліп тастаған дене бөлшектерінің өртелетінін айтты. Бірақ оның клиентінің аяғының қоқыстан табылғаны олардың сотқа жүгінген арызында "адамгершілік тәртіптен шыққандық" ретінде қарастырылып отыр.

0 пікір
Мұрағат