АҚШ-қа санкция салуға шақырды
АҚШ-қа санкция салуға шақырды
6 жыл бұрын 4078 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігінің Құдысты Израил астанасы деп тануына байланысты Мысыр орталығы – Каир қаласына сенбі күні шұғыл жиналған араб елдері лигасына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Иерусалим төңірегінде қалыптасқан ахуалды талқылады. Аса маңызды саяси жыинда сөз алған Ливан премьер-министрі Жебран Басыл Араб елдері лигасына мүше елдердің басшыларын АҚШ-тың осы қадамы үшін аталған елге қарсы санкция салуға шақырды. Бұл жайында Jerusalem Post ақпарат көзі хабар таратты. Ол алдымен мұндай қатаң шаралар қолданбас бұрын мәселені дипломатиялық жолмен шешуге, егер араб елдерінің шарттарына көнбесе, саяси, қаржылық және экономикалық санкция салуды ұсынды. Associated Press ақпарат агенттігі Ливан премьер-министрінің мәлімдемесінен үзінді келтерген екен: «Бұл қасірет басымызды қосып, ұйқымыздан оята ала ма? Тарих біздң ешқашан кешірмейді әрі болашақ біздің бұл әрекетімізден ұялатын болады».

Қалай десек те, бұл тығырықтан шығар жол емес. Тек шикізаттан өзге өндірісі жоқ араб елдері АҚШ-қа санкция салса, алдымен өздері оңбай ұтылады. Бұдан қаржы да, технология да қолында АҚШ-тың қылшығы қисаймайды. Күллі араб елдерінің жиылып салған санкциясы бір ғана Жапонияның экономикалық шектеуіне жетпейді. Ливан премьер-министрінің бұл мәлімдемесі суға кетіп бара жатқан адамның тал қармаған әрекетін еске түсіреді.  

0 пікір
Мұрағат