АҚШ компаниясы мұсылман елдеріне жалған халал ет өнімдерін өткізіп келген
АҚШ компаниясы мұсылман елдеріне жалған халал ет өнімдерін өткізіп келген
2 жыл бұрын 571

Америкалық Midamar корпорациясының мұсылман елдеріне, дәлірегі, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Кувейтке және Малайзияға шариғат талаптарына сай сойылмаған малдың етін өткізіп келгені әшкере болды. Алайда, Midamar корпорациясының басшылығы бұл айыптауды жоққа шығарып отыр. Айыптау қорытындысында айтылғандай, аталған елдермен арадағы ет өнімдерін өткізуге қатысты жасалған келісімшартта ет саудасының айналымы 5 млн долларға бағаланған. Америкадағы мұсылман тұтынушыларының құқығын қорғау ұйымының президенті Саид Рашидуддиннің айтуынша, шариғат талаптарына сай сойылған малдың етін табу кейінгі кезде түйткілді мәселеге айналған. 

0 пікір