АҚШ журналисінің басын кескен британдық танымал рэпер дейді (ВИДЕО)
АҚШ журналисінің басын кескен британдық танымал рэпер дейді (ВИДЕО)
2 жыл бұрын 2006

«Британия азаматы, кезінде танымал рэп орындаушысы болған Абдел-Мәжит Абдел-Бари Ирақ-Сирия Ислам мемлекеті (ИСИМ) ұйымының мүшесі болды». Бұл жайында Dailymail.co.uk интернет порталы хабарлап отыр. «Лирикалық жын» деген лақап ат иемденген Абдел-Бари музыканы қойып, мұсылман болғанын және дін үйрену үшін Сирияға аттанғанын хабарлапты.

Өткен аптада бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына ИСИМ баскесерінің АҚШ журналисі Джеймс Фолейдің басын кескен бір видеосы шыққан болатын. АҚШ-қа қарсы мәлімдеме жасаған бұл видеода баскесер де сөйлейді. Қазір сол баскесердің рэпер Абдел-Бари болуы мүмкін деген болжамдар жасалуда. «The Sun» газетіне шыққан мақалада бір сарапшы Фолейдің басын кескен «Джон» есімді ИСИМ содырының дауысы Абдел-Баридің дауысына ұқсайтынын айтыпты.

Англияның АҚШ-тағы елшісі Петер Уестмакот та CNN телеарнасына берген сұхбатында баскесердің кім екенін анықтауға өте жақын қалғанын мәлімдеп отыр. 

 

0 пікір