Ақсақал мектеп партасына отырды
Ақсақал мектеп партасына отырды
10 жыл бұрын 3971

Сауд Арабиясының жасы тоқсанға келген тұрғыны мектеп партасына отырды. Төрінен көрі жақын ақсақал мұндай қадамға елдегі сауатсыздықты жою науқанына атсалысу үшін барғанын айтып отыр. Қария Табук провинциясына қарасты Тайма аймағындағы әл-Жаһра орталығындағы ересектерге арналған сыныпқа барып жүр.

Естеріңізге сала кетсек, Сауд Арабиясының білім беру министрлігі осы жылдың бас кезінде елдегі сауатсыздық деңгейінің соңғы он жылдың ішінде 61 пайызға кемігенін мәлімдеген болатын.

Бүгінгі таңда Сауд Арабиясында хат танымайтын ерлердің қарасы 4 пайызды құрап отыр. Ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш 10 пайызды құрайды екен.

0 пікір
Мұрағат