Apple 2020 жылға қарай тоқпен жүретін көлік шығармақ
|

Apple америкалық компаниясы 2020 жылға қарай тоқпен жүретін көлік өндірісін қолға алмақ. Автоөндірушілердің электромобилдің жаңа үлгісін әзірлеп, жасап шығаруына кемінде бес-жеті жыл кетуі мүмкін. Apple-дің бұл өндірісті тездетіп қолға алуына қарағанда аталмыш компанияның осы жобаға үлкен маңыз беріп отырғанын көрсетсе керек. Бұған дейін хабарланғандай, аса құпия жағдайда жасалып жатқан Apple электромобилі пішіні жағынан минивэнге ұқсас келеді. Компанияның бас директоры Тим Кук осыдан бір жыл бұрын мақұлдаған жобаға уақытша "Титан" атауы берілген. The Wall Street Journal газетінде келтірілген мәлімет бойынша Apple-дің электромобилін құрастырып шығу үшін 1 мыңға жуық маман атсалысып жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар

■
АҚШ-тың құмырадан шығарған "жыны"...

■
Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатып жіберді...

■
Саудия билігі "Таблиғи жамағаттан" төнер қауіпті атады (видео)

■
Ресей тәліптер қозғалысын террористік ұйым деп танудан бас тартуға дайын

■
Әлі күнге құл иеленушілер мен құлдар елі барын білесіз бе (фото)