Англияда да Қазақстандағыдай Пайғамбар есімі көш бастап тұр...
Англияда да Қазақстандағыдай Пайғамбар есімі көш бастап тұр...
10 жыл бұрын 4864

Англияда жылдағыдай биыл да 2013 жылдың танымал есімдер рейтингісі жарияланды. Бұл жолғы көрсеткіш те мұсылмандарды қуантып отыр. Себебі, «Мұхаммед» есімі мәшһүр есімдердің қатарынан орын алған. Әрине, «Мұхаммед» есімінің жазылуы әртүрлі болғандықтан, рейтингіде бірнеше есім ретінде көрсетілген екен. Мәселен, біреулер «Muhammad» деп жазса, енді біреулері «Mohammed», тағы басқалары «Mohammad» деп жазған. Егер осылардың барлығын бір есім деп алып есептегенде «Мұхаммед» есімі тізімнің басына шығып, бірінші орынға ие болады екен. Себебі, 2013 жылы туған балалардың 3499-ы «Muhammad» деген есімді алса, 2887-сі «Mohammed», ал 1059-ы «Mohammad» есімдерін қойған. Бұлардың бәрін бір есім деп алып, жалпы санын шығарсақ, 7445 болады екен. Бұл сан тізімде бірінші орында тұрған «Oливер» (бұл есім 6949 бала беріліпті) есімінен асып түседі. Несін айтасыз, «Мұхаммед» есіміне тіпті британ корольдігіндегі отбасы мүшелерінің Гарри, Уильям, Джорд секілді есімдері де жете алмай қалыпты.

Ресейде де танымал есімдердің рейтингісі жыл сайын жарияланып тұрады екен. Ол жақта да Амир, Камиль, Али секілді мұсылман есімдері танымалдыққа ие болған.

Естеріңізде болса, Әділет министрлігі Қазақстандағы танымал фамилиялардың да тізімін шығарған еді. Онда да көш бастап тұрған есім Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімі болды. Яғни, бірінші орынды «Ахмет(ов)» иеленсе, екінші және үшінші орындар Пайғамбарымыздың халифалары – Оспан(ов), мен Омар(ов) есімдеріне бұйырыпты. 

2 пікір
Мұрағат