Англия министрі Газа үшін қызметінен өз еркімен бас тартты
Англия министрі Газа үшін қызметінен өз еркімен бас тартты
2 жыл бұрын 1403

Англияның Сыртқы істер министрі Саида Уорси Газадағы жағдайға байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Оның қызметінен кетуіне Англияның Газаға қатысты ұстанып отырған саясаты себеп болған. «Таңертең Премьер-министрге қызметтен өз еркіммен кету туралы арызымды жаздым. Үкіметтің Газаға қатысты саясатын бұдан былай қолдай алмаймын», – депті ол туиттердегі парақшасына.

Англияның қаржы канцлері Жорж Осборн Саиданың шешіміне қатысты: «Өкінішті-ақ әрине, дәлірек айтсақ, мұндай шешім қабылдаудың қажеті жоқ еді. Британ үкіметі шетелдік әріптестерімен бірге Газадағы мәселені шешіп, бейбітшілік орнатуға талпыныс үстінде. Біз соғысты уақытша тоқтатуға, әрине артынша тұрақтылық орнатуға қол жеткізіп қалған едік», – деп отыр.

Ал сарапшылардың ойынша британ премьері Девид Камерон Газадағы оқиғаларға нақты баға беруден және Израилдің нақақ қантөгісін айыптаудан тартынып отыр. Міне, осы себепті де Саида Уорси қызметінен бас тартқан.

Саида Уорси – Англия тарихында министрлер кабинетінде отырған алғашқы мұсылман министрі. Ол пәкістандық иммигранттардың отбасында дүниеге келген.

0 пікір
Мұрағат