Ана мен бала: Қазақстандағы жас отбасылардың 16%-ы бала сүйе алмай отыр
Ана мен бала: Қазақстандағы жас отбасылардың 16%-ы бала сүйе алмай отыр
9 жыл бұрын 8678

Қазақстанда шаңырақ көтерген жас отбасылардың 16%-ы бала сүйе алмай отыр. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бексұлтан Тұтқышев мәлімдеді.

"2015 жылы ЭКҰ-ды мемлекет есебінен жүргізуге 750 квота бөлінген. Заңнаманы жетілдіру есебінен Қазақстанда жылдан жылға ЭКҰ жүргізуге арналған квоталар саны артуда. 2015 жылдың өзінде ғана осы 750 квота арқасында 300-350 нәресте дүниеге келіп, балалы отбасылар саны артпақ. Қазақстанда тіркелген жас отбасылардың 16%-ы бүгінде бала сүйе алмай отыр. Бұл ретте бедеу әйелдер мен еркектер үлесі тең болып отырғанын айтқан жөн. 17 млн халықтың 1,5-2 млн-ы жас отбасы", - деді Бексұлтан Тұтқышев. Естеріңізге сала кетейік, кеше Астанада мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында мемлекет басшысының "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты жолдауын іске асыру аясында ел экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына әйелдердің қатысуын арттыру мәселелері қаралды.

 

Ана сүтін ұзақ емген бала өзгелерден табыстырақ болады

Бразилиялық ғалымдар ана сүті адамдағы IQ деңгейін арттыратынын айтуда. Бұл жайында nur.kz сайты 24.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Бразилиядағы Пелотас қаласының зерттеушілері 30 жыл бойы 6 мың адам қатысқан тәжірибені жүргізіпті. 1982 жылы қолға алынған жоба бойынша ғалымдар олардың сәби шағынан бастап, 30 жасқа дейінгі өмірін талдаудан өткізген. Ал 2012 жылы мамандар тәжірибеге қатысушыларды сұхбатқа шақырған. Барлығы 3500 адам сұхбат беруге келеді. Келгендермен түрлі сынақтар өткізген ғалымдар ана сүтін ұзақ уақыт бойы ішкендердің IQ-тестен жоғары нәтижелер көрсететінін, неғұрлым жоғары табыс табатындығын анықтады. Анасын 1 жасқа дейін емгендер орташа табыстан шамамен 140 доллар артық тауып отырған. Ал олардың IQ деңгейі төрт тармақ жоғары шыққан. "Тәжірибе нәтижесін қорытындылау кезінде отбасы табысы, ата-ана гендері, адамның қандай жағдайда туылғаны және өзге факторлар есепке алынған жоқ. Жалпы бразилиялық әйелдер отбасының әл-ауқаты деңгейіне қарамастан, сәбилерін емізе береді.

0 пікір
Мұрағат