Америкалықтардың жарым жуығы арабтар мен мұсылмандарды ұната бермейді
Америкалықтардың жарым жуығы арабтар мен мұсылмандарды ұната бермейді
2 жыл бұрын 1024

Жуырда жарияланған АҚШ-тың Zogby Analytics фирмасы жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінен байқалғандай, америкалықтардың жарым жуығы арабтар мен мұсылмандарға қырын қарайды. «Америкалықтардың едәуір бөлігі, яғни, 42 пайызы осы елдегі арабтар мен мұсылмандардан іргесін аулақ салғысы келеді. Әсіресе, құқық қорғау саясатына оларды араластырғысы келмейді»,- деп айтылған зерттеу қорытындысында. Сондай-ақ, америкалықтардың әрбір төртіншісінің арабтармен немесе мұсылмандармен жете таныс болмағандықтан оларды ұната бермейтіні де айтылған. Америкалық арабтар оң көзбен қарайтындардың үлес салмағы 2010 жылы 43 пайыздан 36 пайызға, ал мұсылмандарға іш тартатындардың қатары 36 пайыздан 27 пайызға кеміген көрінеді. 

0 пікір