Америкалық балықшы 270 келілік акуланы қармақпен ұстады
Америкалық балықшы 270 келілік акуланы қармақпен ұстады
9 жыл бұрын 3138

Флорида штатының тұрғыны Мэтт Пембертон салмағы 270 келі болатын алып акуланы аулаған. Бұл жайында UPI порталы ақпарат таратты. Балықшының жыртқышты жағаға алып шығуына 1,5 сағаттай уақыты кетіпті. 

Бір қызығы, Пембертон акуланы кәдімгі қармақпен ұстаған. Бұл жайт Панама-Сити-Бич қаласының жағажайында орын алды. Суға қармағын салып, балық күтіп отырған ер азаматты қармаққа ілінген жыртқыш сүйреп әкетпек болған. Осылайша екеуі 1,5 сағаттай алысып, ақыры балықшы достарының көмегімен жемтігін жағаға алып шықты.

Акуланың ұзындығы 3 метрге жуықтайды. Оның жағаға соншалықты жақындауының себебі белгісіз.

Мұнан кейін Пембертон жыртқышпен суретке түсіп, оны әлеуметтік желілер арқылы таратты. "Енді бірнеше уақытқа азығымыз бар, дәмді тамақтанатын боламыз" делінген оның Фэйсбук парақшасында. 

0 пікір
Мұрағат