Америкада Ислам діні екінші орында
Америкада Ислам діні екінші орында
10 жыл бұрын 6609

АҚШ-та өткен соңғы санақ нәтижесінен белгілі болғандай, ислам діні осы елдің 20 штатында христиан дінінен кейін жамағатының көптігі жағынан екінші дінге айналған. Бұл мәліметті әр он жыл сайын осындай санақ жүргізумен айналысатын Американың діни ұйымдарының статистикалық қауымдастығы келтіріп отыр. Әсіресе, Америка батысының орта шенінде және оңтүстігінде ислам діні айқын басымдық алып келеді. Ал 15 штатында христиандардан кейін иудаизм өкілдерінің қарасы әлі көп екенін анықтаған. Санақ қорытындысы бойынша 2000-2010 жылдар аралығында АҚШ-та мұсылмандардың қарасы 1 млн адамға, яғни, 67 пайызға негізінен иммигранттардың есебінен артқан. Иммигранттар дегенде, қақтығыс жиі орын алатын, зорлық-зомбылық тиылмай тұрған Сомали, Ауғанстан, Ирак, Босния елдерінен бас сауғалап келген мұсылмандар есебінен, сондай-ақ, мұсылмандар арасындағы туу көрсеткішінің көтерілуіне және наным-сенімі өзге тұрғындардың ислам дінін қабылдауына байланысты артқан. Ресми емес дерек көздеріне қарағанда, АҚШ-та 8 млн-дай өмір сүріп жатыр. Тағы бір қызықты мәлімет: «Діндер және қоғамды өмір жөніндегі Пью форумы» жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша америкалық мұсылмандардың жиырма пайызын өзге діннен ауысып келгендер құрайды. Олардың 54 пайызы ер-азаматтар да, 46 пайызы әйелдер.

0 пікір
Мұрағат