Алтай мұсылмандары ата-баба салтынан неге бас тартты?
Алтай мұсылмандары ата-баба салтынан неге бас тартты?
9 жыл бұрын 5871

Алтай республикасының мұсылмандары ең көп шоғырланған Қос ағаш ауылында жергілікті мүфти Жанболат Оқтаубаев өлік жөнелтудегі ысырапшылдыққа тоқталып, уағыз айтты. Ата-баба дәстүрі бойынша Алтай қазақтары марқұмды ақтық сапарға шығарып саларда міндетті түрде жылқы соятынын тіле тиек етіп, мұның өзі қайғыдан қан жұтып отырған қаралы үйге салмақ салатынын айтып өтті. Сондай-ақ, ол марқұмды жерлеуге алып кеткен кезде оның артынан әйелдердің сай-сүйекті сырқыратып жоқтау айтатынын, мұның өзі исламға жат әдет екеніне тоқталды. Бұл әдеттен бірден болмаса да, бірте-бірте бас тартудың қажеттілігіне тоқталды.

0 пікір
Мұрағат