Алма-кезек дүние: Қытай мұнай бағасын белгілейтін дәрежеге жеткен...
Алма-кезек дүние: Қытай мұнай бағасын белгілейтін дәрежеге жеткен...
6 жыл бұрын 4874 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті
Қазір күллі әлем назарын Шам жерінде соғыс басталғалы бері Таяу Шығыс аймағына аударып отыр. Бұған қоса, Иранға салынған санкцияға байланысты мұнай нарығындағы ирандық үлестің болмауынан қара алтын бағасына бас қатырып жатыр. Десе де биыл мұнай нарығы үшін маңызды оқиғалар Таяу Шығыста емес, Қытайда орын алады. Өйткені, Қытай мұнай өнімдерін экспорттауда және импорттауда рекордтық деңгейге жетті. Bloomberg ақпарат көзінің таратқан хабары мен Goldman Sachs келтірген дерекке қарағанда, 2018 жылдың алғашқы тоқсанында мұнайға деген әлемдік сұраныс күрт артқан. Өткен жылы Қытай әлем бойынша өңделмеген мұнайды көп мөлшерде импорттады. Бұл жағынан АҚШ-тың өзін артқа қалдырған. Бұл аралықта Қытай мұнай өңдеуді арттырған. Мұнайды шикізат күйінде импорттау қарқынын биыл да бәсеңдеткен емес. Мәселен, осы жылдың алғашқы тоқсанында өткен жылғы аталған мерзіммен салыстырғанда мұнайды импорттауды 7 пайызға арттырған. Яғни, тәулігіне шамамен 9,09 миллион баррелге дейін жеткізіп отыр. Бұл өткен жылғы аталған мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 595 мың баррелге артық (тәулігіне). Қытайдың мұнай өңдеуші зауыттары тәулігіне 12,13 миллион баррелге дейін мұнай өңдеген наурыз айынды. Осы жылдың. Ал өткен жылдың қараша айында бұл көрсеткіш тәулігіне 12,03 миллион баррелл болатын. Ал сәуірде мұнайды шикізат күйінде импорттау жаңа рекорд орнатты - тәулігіне 9,6 миллион баррелл (осы жылдың қаңтар айында 9,57 млн. баррелді құрады). Мұнай өнімдерін экспорттауды 46 пайызға арттырған. Қытай әлемдік сұранысты қанағаттандырудағы алдыңғы қатарлы ел. Әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі бағаға қарамастан ұсыныстан сұраныс артық болса, бұл өз кезегінде геосаяси жағдайды ушықтыруы мүмкін. Бұл деген сөз, мұнай бағасының көтерілуіне, әріберден соң мұнай бағасын белгілеуде Қытай басымдыққа ие болады деген сөз. Бұл АҚШ бастаған батыс елдерінің ықпалын сөзсіз әлсіретуге алып келетін қадам болмақ. 
0 пікір
Мұрағат