«Алланың 99 есімі» атты көрме өтіп жатыр
«Алланың 99 есімі» атты көрме өтіп жатыр
2 жыл бұрын 1498

Татарстанның астанасында «Алланың 99 есімі» атты көрме көрермендерге есігін айқара ашты. Онда IX-XIX ғасырларға тиесілі классикалық ислам мәдениетінің жауһарлары жұртшылықтың назарына ұсынылған. Алланың есімдеріне байланысты әлемнің үздік өнер туындылары қойылған көрменің ашылуына Ш.Маржани атындағы мәдени бағдарлама және қолдау қоры ұйытқы болды. Жәдігерлер ислам елдерінен алдырылды. Сонымен қатар, араб, парсы, түркі шеберлерінің қолынан шыққан өнер туындылары да көрменің төрінен орын алды. Олардың қатарында шыныдан ойып жасалған, эмаль бояуымен әрленген, керамикадан қашалған, каллиграфиялық өрнекті, сондай-ақ, адамдар мен жануарлар бейнеленген, қасиетті Құран парақтары, т.б. өнер туындылары көрерменнің көзайымына айналды. Көрме 2014 жылдың қыркүйек айының 9-на дейін ашық болады.   

0 пікір