Алла есіміне құрметпен қарамаған лайықты жазасын алды
Алла есіміне құрметпен қарамаған лайықты жазасын алды
10 жыл бұрын 3902

Түркияда Twitter әлеуметтік желісін пайдаланушы елге белгілі сайтта есім ретінде «twitter.com/__Allahcc__» деген ныспыны таңдағаны үшін Эртан есімді адамға «діни құндылықты қорлады» деген айып тағылып, жаза қолданылды.

«С.С.» – түрікше «Celle Celaluhu» деген тіркестің қысқартылған түрі. «Алланың құдыретінде шек жоқ» деген мағына береді.

Алайда, Эртан өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Ол өзінің аккаунтын біреулердің бұзып кіргенін алға тартып, ақталмақ болғанымен, прокуратура оның бұл сөзін жоққа шығарды.

0 пікір
Мұрағат