Алжир құрамасы өздерінің сыйақыларын алудан бас тартты
Алжир құрамасы өздерінің сыйақыларын алудан бас тартты
10 жыл бұрын 3458 azan.kz

Иә, Алжир құрама командасы 2014 жылғы әлем чемпионатында алатын өздерінің сыйақыларын алудан бас тартты. Дәлірек айтсақ, олар сыйақыларын толығымен Газа секторындағы жағдайы нашар палестиналық мұсылмандарға аудармақ. Бұл игі бастаманы Алжир құрамасының шабуылшысы, топтық соңғы кездесуде өзінің шешуші голын соққан Ислам Слимани көтеріп отыр.

Оның үстіне Африка құрамасының ойыншылары турнирге қатысқанда алатын ақшалары қолға тимегендіктен, ары қарай ойынды жалғастырудан бас тартқан болатын. Бұл бір жағынан сол африкалықтарға үлгі ретінде ұйымдастырылған іс-шара болса керекті.  

Сондай-ақ, Ислам Слимани алатын сыйақыларын Газа қаласындағы зардап шекккен халыққа жіберетіндіктерін айтты және де бір сөзінде: «Бұл ақшаға бізден гөрі солар мұқтаж», - деп нағыз мұсылмандық үлгі көрсетті.  

1 пікір
Мұрағат