Әлемнің қанша елі ядролық қаруды жетілдіруді тоқтатқан жоқ
Әлемнің қанша елі ядролық қаруды жетілдіруді тоқтатқан жоқ
6 жыл бұрын 3732 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ядролық қарудың саны әлем бойынша қеміп келеді. Алайда, ядролық қаруға ие елдер оны жетілдіру үстінде. Стокгольм қаласындағы халықаралық әлем проблемасын зерттеу институты жариялаған баяндамада осындай дерек келтірілген. 2018 жылдың бас кезіндегі мәлімет бойынша әлемнің он мемлекеті, атап айтқанда, АҚШ, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израил және Солтүстік Корея 14 мың 465 атом қаруына иелік етіп отыр. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 470 атом қаруына қысқарған. Ядролық қарудың дені РФ мен АҚШ ядролық арсеналынан қысқарған - 92% (әлемдегі барлық ядролық қаруға шаққанда). Мәселен, АҚШ  жаңа буынға жататын, қашықтан соққы беруге арналған B-21 Raider-ді құрастырып жатыр. Ол 2020-шы жылдардың орта шенінде әскери мақсатта қолданысқа жарамды болмақ. Ал 2030 жылға қарай америкалықтар әуеден старт алатын жаңа қанатты зымыранды жасауды жоспарлап отыр. Ресей де, Үндістан да, Пәкістан да, т.б. ядролық қаруын жетілдіруді тоқтатқан емес. 

0 пікір
Мұрағат