Әлемнің ең қорқынышты тіршілік иелері (Фото)
Әлемнің ең қорқынышты тіршілік иелері (Фото)
1 жыл бұрын 4629 nur.kz

Ғаламшарымыздағы ең қорқынышты тіршілік иелерінің фотосын bigpicture.ruсайты назарларыңызға ұсынады.

1. Аяққолды жаунар

аяккол1

1780 жылы Мадагаскарда бұл жануарды алғаш көрген ғалымдар оны қандай жануар түріне жатқызарын білмеді.

аяккол2

Кеміргіштер қатарына қосайын десе, салмағы мысыққа жақын келетін, ал құйрығы тиіндікіндей жануар кеміргішке толықтай ұқсамады.

аяккол3

Ақыры ғалымдар бұл аяққолды жануар жартылай маймылдар қатарына жатады деген тоқтамға келген.
Аяққолды маймыл үшінші саусағын жүнін тарап, құрттарды жеуге пайдаланады.

аяккол4

1972 жылы жануардың бұл түрі 50-ге шақ қана қалғанда Мадагаскар халқы оларды қорғауға алып, жойылудан сақтады.

аяккол5

Маймылдың бұл түрі тек Мадагаскарда ғана кездеседі

2. Қызғылт бақа

бака1

2003 жылы Үндістанның ну ормандары арасынан ғажайып жерасты бақасы табылды.

бака2

Биологтар ол туралы ұзақ уақыт ештеңе білмей келді. Себебі бақа жыл бойы тек 14 км² аймақты алып жатқан бір жерде ғана тіршілік етеді. Оны түсіне бола қызғылт бақа атап кеткен.

бака3

Бойы 9 см-ден аспайтын бақа термиттерді жеп, жер астында тіршілік етеді. Жер бетіне тек ұрпағын жалғастырып, жұбын табу үшін бір-екі аптаға шығады.

3. Жалаңаш жер қазғыш

жаланаш1

Жер бетіне мүлдем шықпайды.

жаланаш2

Кеміргіштің бұл түрі ғалымдарды қатты таң қалдырды. Себебі ол мүлдем су ішпейді. Ауырсынуды сезінбейді. Жарақаттарды, көмір қышқыл газының көп мөлшерін жеңіл көтере алады. Және рак ісіктеріне мүлдем шалдықпайды.

жаланаш3

Денесі 10 см-ден аспайтын кеміргіш жер қазуға бейім. Құмырсқалар секілді әр қайсысы бір міндетті атқарып, тіршілік етеді.

жаланаш4

Бүкіл үйірге жалғыз ұрғашы ұрпақ жалғастырып, өмірінде 900 кеміргішті дүниеге әкеле алады.

4. Тамшы балық

тамшы1

2013 жылы британдық ең қорқынышты жануарларды қорғау қоғамы балықты эталондарына айналдырды. Балық ерекше қайғылы түріне бола 10 000 дауыс жинап, көпшілік назарына іліккен болатын. Балық ұрпағына өте үлкен мейірім танытады. Ол уылдырықтарын тауықтар секілді басып отырып, өскенге дейін қарайласып жүреді.

Балықтың бұл түрі тек Австралияда кездесді. Ғалымдар әлі толықтай зерттеп үлгермеген тамшы балық жойылып кету қаупінде тұр.

5. Жұлдызмұрын

жулдыз1

Тек Солтүстік Америкада ғана тіршлік етеді.

жулдыз2

Көртышқандардың бір түрі деп есептеледі.

жулдыз3

22 мұртымен тамақтанып, су ішеді.

6. Вьетнам жарқанаты

жарканат1
2012 жылы ғалымдар жарқанаттың жаңа түрін тапты. Вьетнам жарқанаттары өзге туыстастарынан ДНК-сы ұқсамауымен ерекшеленеді. Оларды алғаш анықтаған ғалым — Дональд Редфилд Гриффин.

7. Марабу

марабу1

Марабу – жыртқыш құс.

марабу2

Құтандармен туыстас құс өлекселерді азық қылады.

марабу3

Олар тіпті құстардың өлекселерін де жей береді.

8. Тереңдегі қармақшы

кармакшы1

Бұл балықтың екінші атауы – теңіз жыны.

кармакшы2

Ол тереңдікте жанған қармақшасымен азығын аулайды.

2 пікір