Әлемнің ең әйгілі музейлерінде Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің шамдары сақталуда
Әлемнің ең әйгілі музейлерінде Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің шамдары сақталуда
2 жыл бұрын 692

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, XV ғасырда Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне арнап жасалған алты шырағданың екеуі бүінгі күні Лувр және Эрмитаж музейлерінде сақтаулы. Ал, дәл осындай шамдардың төртеуі Қазақстан музейлерінде сақталып, қазіргі уақытта Тұңғыш Президент музейінде өтіп жатқан «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесінде халыққа ұсынылды. 

Адам бойынан асатын шырағдандар араб жазуларымен безендірілген. Бұл жазбаларда шырағдандарды Әмір Темірдің бұйрығымен Исфахандық шебер жасағандығын баяндайды. Барлық әскери қақтығыстарда Ақсақ Темір тұтқындыққа қолөнершілерді алуды бұйырғандығы  баршаға мәлім.

Ирандық шебердің қолынан шыққан шырағдандар нағыз өнер туындылары болып шықты. Олардың салмағы өте ауыр – бір шырағданды бірнеше ер адамның көмегімен ғана орнынан ауыстыруға болады. Ең қызықтысы – бұл шырағдандарды басына май құйып, білтесін тұтандырса, оларды қазіргі таңда да қолдануға болады. 

0 пікір