Әлемнен оқшауланып қалған халықтардың бірі - моңғол қазақтары (фото)
Әлемнен оқшауланып қалған халықтардың бірі - моңғол қазақтары (фото)
9 жыл бұрын 11082

Ғаламтордағы «Ofigenno.cc» басылымы әлемнен оқшауланып қалған халықтар туралы материал жариялады. Солардың бірі – моңғол қазақтары.

Сенесіз бе, әлемнен оқшауланып қалған, өркениет игіліктерінің көбісінен мақұрым қалған халықтардың бірі Моңғолиядағы қандастарымыз болып шықты. Және оқшаулануы жағынан, яғни, оқшау тірлік ететін халықтардың  арасында тізім бойынша бірінші орында тұр. 

1. Қазақтар

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Әлемнен оқшауланып қалған қандастарымыз Моңғолияның кісі аяғы баса бермейтін таулы аймақтарында жартылай көшпелі тірлік кешеді. Наймандар, арғындар және дулаттардан тұратын қандастарымыз саят құрып, мал шаруашылығымен шұғылданады.

2. Хули

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Папуастар тобынан тарайтын тайпа, Жаңа Гвинеяның таулы аймақтарында өмір сүреді. Сырттан келіп, мазалайтын келімсектер мен әуесқойларды қорқыту үшін бет-жүзін ақ, қызыл ждәне сары түсті бояулармен бояп алған. Бастарына һз шашынан жасалған жасанды шаш (парик) киген.

3. Горокаен бор

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Бұл тайпаның өкілдері де Жаңа Гвинеяны мекен етеді. Олар аңшылықты және ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруді кәсіп еткен.  Олар да хулилер секілді боянып алады.

4. Маори

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Жаңа Зеландияның байырғы халқы. Ғалымдар олардың тарихи бастауын ХIV ғасырдың бас кезіне жатқызып жүр. Маорилердің би мәдениеті дамыған және тәндеріне түрлі-түсті сурет салдырады, яғни, таутировка.

5. Самбуру

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Самбуру тайпасының өкілдері Кенияның солтүстік бөлігінде мекен етеді. Малмен бірге өріп, жайылымдарын 5-6 аптада ауыстырып отырады. Көшпелі тірлік салтын ұстанады.

6. Рабари

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Рабарилер Үндістанның батысында өмір сүреді. Мал шаруашылығымен шұғылданады. Малдың жүні, еті, терісі, сүті – олардың негізгі табыс көзі.

7. Гаучо

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Аргентинадан шыққан субэтгикалық топ. Бір қарағанда олар аңызға айналған америкалық ковбойларға ұқсайды. Бұл тайпаның ер-азаматтары қарусыз жүрмейді және ат үстінен түспейді десе болады.

8. Каро

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Эфиопиядағы Омо жазығының тумалары болып келеді. Бұлар да мал шаруашылығымен айналысады. Өте өте қонақжай, меймандос халық.

 

8. Банна

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Бұл тайпаның өкілдері де Эфиопияны мекен етеді. 45 мыңнан аспайды. Бұл тайпаның өкілдері де түрлі-түсті бояумен боянып алғанды жақсы көреді.

9. Ненцтар

Photo: Казахов включили в список самых изолированных племен мира (фото)

Ресей Федерациясы аумағында, дәлірегі, Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауынан Таймырға дейінгі Коль түбегінде тірлік етеді. Бұл халықтың өкілдері суыққа бейімделген: ауа температурасы 50 градустан төмен қақаған аязға да шыдамды келеді. 

12 пікір
  • Ең сымбаттылары қазақтар.
    9 жыл бұрын
  • олар өмір сүріп жатқан жеріне, я,ни климатқа байланысты жойылып бара жатқан халық. ең шұрайлы жерлерді, өмір сүруге қолайлы жерлерде келімсектер бауырына басып қалды. Резервация
    9 жыл бұрын
  • бірақ, жапнондар мен кәрістер көсерткен жоқ па еді дәстүрді сақтап қалудың жолы
    9 жыл бұрын
  • Моңғолияда өмір сүретін Қазақтар, әлем қазақтарының алдында дініне, тіліне, салт-дәстүріне иелігімен өнегелі екені даусыз.
    9 жыл бұрын
    • Бұл негізі қйсынсыз туризімді Моңғолия қазақтары арқылы тарту болып табылады.Осыны жазған ислам сайтынада айтарым жоқ.
      9 жыл бұрын
  • Әкеңді мынаны жазған мал алдымен ойланса нетті... Ислам сайтынада айтарым қалмады. Атына заты сай болсағой. Өңшең мәңгүрт тоты орысқұл қазақтар! Монғолия қазақтарын төменднтетін жасқа әлі келген жоқсың мәңгүрттенген тоты орысқұл қазақ!
    9 жыл бұрын
  • Bul islam sayti emes. bul sozdi aitip jurgen duwpandargoy kore almaytin. mongolia hazahtari mongol jerinde otirsada salt dasturi men islam dinin ustanatin halih. bul sozge bola biz dinimizben sal dastrimizdi ozgertpeymiz. bul kazah jastarin arandatugoi. hulahtarina altinnan sirga....... Eki tuie suykelse ortasindagi ne bolatinin bilinder..... bas kespek bar bolsada til kespek joh tilimdi hiwitpai jailarinda jurinder. boh murindar bul islam dinin bizge otirik harsi aidap salalmaisindar.....
    9 жыл бұрын
  • Islam.kz! Не болса соны жарияламай, атына заты сай сайт болсаныздарш...
    9 жыл бұрын
  • Ассалаумағалайкұм! Бауырларым, осыны бұл сайытқа жіберіп, осы тақырыппен, бірінші қандасымыздың суретін қойуында бәрімізге ойланарлықтай сұрақ тастайды, Алланың Берген несібесімен, көокем табйғатпен асқар шыңдарда, дінімен ділін тазалықпен ұстап, шүкіршілікпен өмір сүріп жатқан қазақтармен басқа да халықтарды салыстыру арқылы, Аллаға рахметпен мақтаулар айтып турғандай ой салады маған. әрине әр адам әртүрлі көзқараспен қарайтыны, өзінше ой түйетіні сөзсіз.
    9 жыл бұрын
  • тұтас екі ұрпақ ауысу керек сана өзгеру үшін
    9 жыл бұрын
  • Жаңалықты неге жаңалық деп қабылдамайсыздар. Не деген агрессия. Оқшауланып қалмай әлемде не болып жатқаннан да хабардар болуымыз керек қой. Ұнамаса өтіп кете беріңіздер ешкім оқыңдар деп қинап жатқан жоқ қой. Жаңалықты агрессивті қабылдаудың қажеті жоқ.
    9 жыл бұрын
Мұрағат