Әлемдік халал нарығының көлемі триллион долларға жетті
Әлемдік халал нарығының көлемі триллион долларға жетті
10 жыл бұрын 2901

Әлемдік халал тағам мен сусындардың нарықтағы көлемі 2013 жылы 1,1 трлн долларға жеткен. Бұл мәліметті Дубай сауд-өнеркәсіптік палатасы мен Thomson-Reuters агенттігі бірлесіп таратып отыр. 

2012-2013 жылдардағы мәліметтерге қарағанда халал азық-түліктер әлемдік тағам қорының 16,6% құраған. Егер бұл көрсеткіш осы қарқынмен, яғни жылына 96,9% көрсеткішпен дами берсе, онда 2018 жылы 1,6 трлн долларға жететін болады. 

Халал өндірістің даму қарқынын жылдамдатып отырған аймақтар бар. Олар: Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Шығыс және Оңтүстік Азия елдері. 

Халал өнімдерді тұтыну нарығында Индонезия (197 млрд доллар) көш бастап тұр. Екінші орынға Түркия (100 млрд доллар) жайғасқан.

0 пікір
Мұрағат