Әлемдегі ең толық адам өмірден өтті
Әлемдегі ең толық адам өмірден өтті
2 жыл бұрын 1789

Салмағы 420 келі болған британдық Кит Мартин 45 жасында пневмониядан көз жұмды. Бұл жайында nur.kz хабар таратты. Ол әлемдегі ең толық адам болып танылған болатын. Мартин ота жасалғананн кейін сегіз айдан кейін қаза болды.

Операция кезінде хирургтер оның асқазанының төрттен үш бөлігін алып тастады. Кит Мартиннің өлімінен кейін науқасқа ота жасаған хирург билікке петиция жолдап, онда фастфудқа салық енгізуді ұсынды.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, жұмыссыз Мартин артық салмақты үйде отырып жинай берген. Ол гамбургерлерді, майға қуырылған картоп, бәліштер және басқа да зиянды тағамдарды тұтынған.

Кит күніне 20 мың калорийге дейін пайдаланған. Бұл мөлшер нормадан 10 есе асады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

0 пікір