Әлемдегі ең күлегеш бала
Әлемдегі ең күлегеш бала
9 жыл бұрын 3846

Ұлыбританияда тұратын Лео есімді әлемдегі ең күлегеш сәбидің ата-анасының айтуынша, ол қашан көрсең де ұдайы күлімсірейді екен. Яғни, езуі бір жиылмайды. Ол ол ма, ол анасының құрсағында жатқанда да күлімсіреген көрінеді. Тіпті оның күлімсіреген жүзі 4D-УЗИ-ге түсіп қалған.

Жас жұбайлар Эми Крэг и Лейтон Харгривз болашақ сәбилерінің жүктіліктің 31-ші апталығында күле бастағанын жайып салды. Дәрігерлер сәбидің бұл қылығынан қандай да бір қауіп көріп тұрған жоқ. Қайта жағымды жаңалыққа балап отыр: өмірге келген алғашқы күнінен бастап, шуақты әрі шат күлкісімен ата-анасын қуантқан сәбидің дұрыс бағытта өсіп-жетіліп келе жатқанын айтқан. Сәби, тіпті, ұйықтап жатқанда да күлімсірейтін көрінеді. Сәбиге сән агенттіктері өз жарнамаларында пайдалану үшін оған «құда» түскен екен. Алайда, анасы оның әлі кішкентай екенін алға тартып, келісімін бермепті.

1 пікір
Мұрағат