Әлемдегі ең бай әйел балаларына қандай себеппен мұра қалдырмайтынын мәлімдеді
Әлемдегі ең бай әйел балаларына қандай себеппен мұра қалдырмайтынын мәлімдеді
4 жыл бұрын 3750 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Apple компаниясының негізін қалаған Стив Джобстың зайыбы Лорен Пауэлл Джобс The New York Times мерзімді басылымына берген сұхбатында балаларына бірнеше млрд-қа бағаланған, күйеуінен қалған дәулетінен мұра қалдырмайтынын мәлімдеді. Оның мұндай шешімге келуіне осы заманғы қоғамдағы экономикалық-әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік түрткі болғанын жасырмады әрі бүгінгі күннің ашшы шындығына айналған теңсіздік пен әділетсіздікке құрылған жүйені сынға алды. Ол әлемде ат төбеліндей аз ғана топтың жарты әлемнің байлығын жамбасына басып жатқанына қынжылыс білдірді. Осылай дей келе ол бір ғана әулеттің байлығы ұрпақтан ұрпаққа арта бергенін қаламайтынын жеткізді. Күйеуі бақилық болғаннан кейін өзіне қалған бар байлықты қайырымдылық шаралары мен әлеуметтік жобаларға жұмсайтынын тілге тиек етті. 57 жастағы Лорен Пауэлл Джобстың әлемдегі дәулеті шалқыған ең бай әйел. Оның байлағы 21,6 млрд доллар (2019 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша). Ол 2004 жылы Emerson Collective қайырымдылық ұйымын ашқан болатын. Әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған.

0 пікір
Мұрағат