Әлемдегі ең алып мемлекетте қанша мұсылман өмір сүріп жатыр?
Әлемдегі ең алып мемлекетте қанша мұсылман өмір сүріп жатыр?
2 жыл бұрын 1150

Қоғамдық пікірді зерделеумен айналысатын америкалық "Пью" (Pew) институты осы елдегі қандай да бір дін жамағатына өзін жатқызбайтындардың, яғни, нақты бір сенімі жоқ, ешбір дінге кірмейтіндердің есебін жариялады: 2007-2014 жылдар аралығында олардың қарасы 16,1%-дан 22,8%-ға дейін артқан. Яғни, олардың саны осы елдегі христиандардан кейін басымдыққа ие. Мұндай адамдар түрлі әлеуметтік топтардың барлығында және барлық жастағы адамдар арасында кездеседі. Әсіресе, жастар арасында көптеп кездесетіні байқалған. Ешбір дінге кірмейтіндер арасында атеистер де, агностиктер де бар және дінге немқұрайды қарайтындар да кездеседі. Ал өзін христиандарға жатқызатындар саны аталған аралықта 78%-дан 71%-ға азайған. Простестанттықтар да көпшіліктен азшылыққа айналған. Олардың қазіргі саны пайызға шаққанда 46,5%-дан аспайды. Буддашылар саны өскен де емес, кеміген де емес: 2007 жылы олардың саны 0,7% болса, өткен жылы да осы шамада қалған еді. Ал мұсылман жамағаты соңғы жеті жылдың ішінде 0,4%-дан 0,9%-ға дейін артып, жалпы алғанда бір пайызды құрап отыр. Есесіне иудейлер саны артқан: олардың қатары 1,7 миллион адамнан 1,9 миллион адамға дейін көбейген. Индуизмді ұстанатындар саны 77%-ды құрайды. Еврейлердің 56%-ның жоғары білім бар. Осы аталған екі жамағаттың да табысы жоғары болып шыққан: еврейлердің 44 пайызының, ал индустардың 27 пайызының жылдық кірісі 100 мың доллардан асып түседі. 

0 пікір