Әлемдегі ең алғашқы ұшақ-пәтер таныстырылды
Әлемдегі ең алғашқы ұшақ-пәтер таныстырылды
2 жыл бұрын 924

Қожайыны мінген әуе көлігінің ізінен ілесіп отыратын ұшақ-пәтер Boeing 747 атын құпия етіп қалдырған миллиардердің тапсырысы бойынша жасалған. Бұл жайында nur.kz сайты 24.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ал аталмыш ақпарат көзі prian.ru сайтына сілтеме жасаған.

Ұшақтың Aeroloft деп аталатын бұл моделінде жатын бөлме, мейрамхана, бірнеше қонақ бөлме мен ас үй бар.

Қонақ бөлмелер үйдің жоғарғы палубасында орналасқан. Ұшып жүретін «пәтердің» ішінде заманауи кеңсе мен конференц-зал да бар. Greenpoint компаниясы ұшақтан пәтер жасау үшін 3 жыл кеткен.

Ал аты-жөні құпия түрде сақталып қалған адам әуеде қолайлы өмір сүруге мүмкіндік беретін Boeing 747 үшін $600 млн төлеген екен.

1 пікір