Әлемдегі ашқұрсақ адамдардың санын жария етті
Әлемдегі ашқұрсақ адамдардың санын жария етті
5 жыл бұрын 2550 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен - 2018 жылы азық-түлік тапшылығынан әлемнің 53 елінде 113 млн адам ашқұрсақ өмір сүрген. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы, Еуропалық Одақ және БҰҰ жанындағы бүкіл әлемдік азық-түлік бағдарламасы бірігіп жасаған баяндамада айтылған. Әлемдегі ашқұрсақ адамдардың үштен екісін қарулы қақтығыс ошағына айналған Ауғанстан, Конго, Эфиопия, Нигерия, Оңтүстік Судан, Судан, Сирия және Йемен тұрғындары құрап отыр. Десе де өткен жылғы ашыққандар қарасы оның алдындағы 2017 жылмен салыстырғанда бірнеше миллионға кеміген: 2017 жылы бұл көрсеткіш 124 млн болатын. Алайда, аталмыш баяндамада ақпараттың болмауынан 13 елдің ашқұрсақ адамдары, соның ішінде, ядролық бағдарламасына байланысты әлемнен оқшауланған Солтүстік Корея мен саяси дағдарыс жайлаған Венесуэла тұрғындарына қатысты дерек қамтылмаған. 

0 пікір
Мұрағат