Әлемдегі 26 адамның байлығы 3,8 млрд адамның тұрмысын жақсартуға жетеді
Әлемдегі 26 адамның байлығы 3,8 млрд адамның тұрмысын жақсартуға жетеді
5 жыл бұрын 2781 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы он жылда әлемдегі миллиардерлер қарасы екі есе көбейген. Яғни, 26 адамның байлығы 3,8 млрд адамның жиған-тергенімен тең түскен. Бұл жайында таяуда Давостағы форумның ашылу қарсаңында жарияланған Oxfam ұйымының зерттеу нәтижесінде айтылған. Аталмыш ұйым келтірген дерекке қарағанда, әлемдегі ең дәулетті адамдардың байлығы бір жыл ішінде 900 млрд долларға артқан. Мәселен, мынадай көрнекі мысал келтіруге болады: әлемдегі ең ауқатты адам, Amazon қожайыны Джефф Безостың капиталының тек бір пайызы халқының саны 105 млн адамды құрайтын Эфиопияның денсаулық сақтау саласына бөлетін бюджетіне тең. Осылайша ат төбеліндей аз ғана топтың қолына әлем ресурсының жартысынан көбісі шоғырланған.

0 пікір
Мұрағат