Әлемде тұңғыш рет жасанды аралда әуежай ашылды
Әлемде тұңғыш рет жасанды аралда әуежай ашылды
9 жыл бұрын 3130

Түркияның солтүстік-шығысында орын тепкен, Қара теңіз жағалауында орналасқан жасанды аралда әлемде тұңғыш рет ерекше әуежай ашылды. Ол «Орду-Гиресун» деп аталады. Өткен аптада аталмыш әуежай алғашқы жолаушыларын қабылдады. Нақтырақ айтқанда, Ыстамбұл шаһарынан ұшып шыққан, бортында 136 жолаушысы бар ұшақ келіп қонды. Оның ашылу салтанатына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен ел премьері Ахмет Дәуітоғлы арнайы келіп қатысты. Бұл әуежай Түркияның осымен 52-ші әуежайы болып табылады. Оның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.

2 пікір
Мұрағат