Әлемде терактіден ең көп қырылған қай дін өкілдері
Әлемде терактіден ең көп қырылған қай дін өкілдері
25 күн бұрын 1477 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Француздардың «Саяси креатив» деп аталатын ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, халықаралық терроризмнен мұсылмандар ең көп зардап шеккен әрі көп қырылған. Лаңкестердің қолынан әрі терактіден әлем бойынша өлгендердің 90%-дан астамын мұсылмандар құраған. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты. Француздардың аталмыш ұйымы бұл бағыттағы есепті 1979 жылдан (КСРО әскерінің Ауғанстанға кіргізілген тұстан) бастап есептеген екен. 1979-2019 жылдар аралығында әлемнің әр түкпірінде ұзын саны 33 769 теракті орын алып,  167 096 адам көз жұмған,  151 431 адам жарақат алған. Бұл терактілердің 89,1% мұсылман елдерінде болған. Мұсылман елдерінде терактіден өлгендер қарасы 91,2%-ды құраған.

0 пікір
Мұрағат