Әлемде 50 жастан асқан әрбір 7-ші тұрғын аштық азабын тартуда
Әлемде 50 жастан асқан әрбір 7-ші тұрғын аштық азабын тартуда
4 жыл бұрын 2849 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша 50-80 жас аралығындағы әрбір жетінші тұрғын аштық азабын тартуда. АҚШ-тағы Мичиган университетінің ғалымдарының сол жоғарғы оқу орнының сайтында осындай дерек келтіріпті. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізілген екен: күллі әлемнің есін алып өршіп тұрған жұқпалы індет пандемиясы барлық елдің экономикасына тұсау салып, тұрғындардың әл-ауқатын төмендеткен. Осыған байланысты азық-түлік тапшылығы орын алған, ресурс жеткіліксіз елдерде елуді еңсергендер арасында аштық азабын тартқандар қарасы күрт көбейіп кеткен. Әсіресе, афроамерикалық мен латын америкалық азаматтар аштықтан зардап шегуде. Осыған байланысты қарттықпен қоса келетін ауру түрлерінен бақилық болып жатқандардың да қарасы көбейген.

0 пікір
Мұрағат