Әлем жаңалықтары: 10 жастағы мұсылман қызының ерлігі
Әлем жаңалықтары: 10 жастағы мұсылман қызының ерлігі
2 жыл бұрын 1382
ФТБ-дан жарты миллион долларға жуық өтемақы өндіріп алды  

Осыдан 12 жыл бұрын жазықсыз тұтқындалып, тергеуге алынған америкалық мұсылман Федералды тергеу бюросынан 415 000 млн доллаар өндіріп алды. Канзас тумасы Абдуулла әл-Киид Айдахо университетінде білім алып жүргенінде ислам дінін қабылдап, тура жолға түскен болатын. 2003 жылы араб тілін үйрену әрі дінді зерделеу үшін Сауд Арабиясына ұшқалы тұрған жерінде Вашингтон әуежайында тұтқындалып, қолына кісен салынған болатын. Бұл жайында Los Angeles Times ақпарат көзі хабар таратты. Әлдебір қылмыстық іске куә болып, оны жасырған деген айыппен абақтыға жабылған оның қолына кісен, аяғына шідер салынып, аса ауыр қылмыс жасағандармен бірге бір камераға қамайды. 16 күн бойы. бостандыыққа шыққан күні төлқұжатын тапсырып, еркін жүріп-тұруына мүмкіндігі қалмайды. Нәтижесінде отбасы оны жалғыз қалдырып кетеді. Күнкөріс үшін жүк тасушы болып, жұмысқа тұрады. «Адамдар мені террорист деп көзге шұқитын. Маған ауыр тигені де осы еді»,- деп жаны күйзеле еске алады сол күндерін. Шыындыыққа жету үшін тар жол, тайғақ кешіп, ұзақ уақытқа созылған тартыстан кейін ол ақталып, федералды тергеу бюросынан 415000 ммлн доллар өтемақы өндіріп алды. Қазіргі уақытта ол ол Сауд Арабиясында ағылшын тілінен сабақ беріп жүр әрі футболдан жаттықтырады.   

 

Тағы бір мұсылманды атып кетті

Канадада Мұстафа Маттан есімді 28 жастағы мұсылман жігітін белгісіз қаскүнем атып кетті. Мұсылман жігіті қаза тапты. Бұл жолы да әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Канададағы мұсылманды белгісіз біреудің өлтіріп кеткені жөнінде «ауыздарына су толтырып алғандай жақ ашпады». Бұл жолы да дейтініміз, әшейінде наным-сенімі өзгелерге шабуыл жасалса, оны мұсылмандардан көріп, «жарапаздандырып» ала жөнелетін, осылайша жаһанға жарыса жар салатын әлемдік бұқаралық аақпарат құралдары «көрмес – түйені де көрместің» керін келтіріп, осының алдында ғана қабіріндегі топырағы кеппеген үш мұсылманды АҚШ-та атып кеткені жөнінде де тым кешіктіріп (оның өзінде жүгіртпе жолдармен) әзер хабар таратқанын меңзеп отырмыз. Үйеңкілер еліндегі мұсылманның кісі қолынан қаза табуы туралы хабарды да кешіктіріп таратқаны негізінен батыс елдеріндегі ықпалды ақпарат құралдарының кімдерге бүйрегі бұратынын көрсетіп берді. Бұл кезде әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Копенгагендегі «жиһадшылар» турасындағы хабарды жарыса жазып жатқан болатын. Бұл арада «жиһадшылаарды» ақтайын деп отырғанымыз жоқ – бұл арада әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының бұра тартанынын сөз еттік.   

 

Батыстың жат мерекесін мұсылман елдері қалай қарсы алды?

1.  Пәкістанда «Қарапайымдылық күні» ретінде аталып өтті

Тым ашық батыстың әдептен аттамайтын шығыс менталитетіне жат мерекесі саналатын, ақпан айының 14-і күні мерекеленетін, Азия елдеріне де дендеп енген «Валентин күніне» жауап ретінде Пәкістанда «Қарапайымдылық күні» аталып өтті. Пәкістан мұсылмандары Валентин күнін «батыстың мұсылман ер балалар мен қыз балаларды бұзу мақсатында ойлап тапқан дүниесі» деп есептейді. «Бұған басы бүтін тыйым салынған әрі исламға қайшы. Батыс өздерінің анайы мерекелерін тықпалап, біздің қарапайымдылығымызға балта шаппақшы»,- деді жастардың қоғамдық ұйымының төрағасы Шаһид Имран Гондал. Пәкістандық студенттер бұл күні әйелдер мен қыздарға шариғат шәлісін жамылып жүруді насихаттады. «Қарапайымдылық күні бізге салт-дәстүрімізді жастар арасында таратуға әрі жеткізуге мүмкіндік берді»,- деді ол сөзінің соңында.

 

2.  Өзбекстанда поэзия күні ретінде аталып өтті

Өзбектер бұл күнді ұлттық таным мен талғамның тамырына балта шабатын, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасын улайтын батыстың мәдени экспанциясына қарсы «Ұлттық поэзия күні» ретінде атап өтті. Өзбекстан жазушылар одағының жастар ісімен шұғылданатын Икбол Мырзаның айтуынша, ақпан айының 14-і күні Бабыр күнімен алмастырылған. Дәл осы күні шығыстың ұлы тұлғасы Мұхаммед Бабыр туған. Ол поэзияға ерекше ден қойған тұлға ретінде тарихта қалған болатын.

 

Нигерияда жанкешті қыз 16 адамның ажалына себеп болды

Нигериядағы 16 жастағы жанкешті қыз жасаған лаңкестік әрекеттен 16 адамның көз жұмып, 30 адамның түрлі деңгейде жарақат алғанын хабарлады 24 kz арнасы. Ал Associated Press-тің хабарлауынша, 16 жастағы қыз Йобе штатының әкімшілік орталығы Даматуру қаласындағы автобус стансасында өзін-өзі жарып жіберген. Куәгерлердің айтуынша, өзін-өзі жарып жіберген жанкешті қыз шамамен 16 жаста болған, деп хабарлады lenta.ru. Қаза болғандардың көбі – қайыр тілеумен және ұсақ-түйек саудамен айналысып жүрген балалар. Лаңкестік әрекетті ешбір ұйым әлі өз мойнына алмады. Агенттік жарылысты "Боко Харам" ұйымдастыруы мүмкін деп отыр. Осы лаңкестік ұйым былтыр 10 мыңнан астам адамның өмірін қиған болатын. Сондай-ақ, өткен жылы экстремистер жарылғыш заттарды шариғат шәлісінің астына жасырудың оңай екендігін ескеріп, арам мақсаттарына жету үшін бойжеткен қыздарды пайдаланған.

 

Бала ерткен мұсылман отбасына шабуыл жасалды

АҚШ-тың Мичиган штатына қарасты Дирборн қаласындағы супермаркетте бала ерткен мұсылман отбасы исламофобтардың шабуылына ұшырады. Тегі араб мұсылман қызын және ұлын ертіп, азық-түлік алу үшін жергілікті супермаркетке бас сұғады. Ақ нәсілді екі америкалық азамат оларға тіл тигізіп, «террорист» деп атаған, онымен қоймай қыз балаға «басыңдағы шүберекті шешіп таста»,- деп ақырған. Қанын ішіне тартып алған исламофобтар отағасына жұдырық ала жүгірген. Алайда, отағасы оларға тойтарыс берді. Артынан болған оқиғаның мән-жайын тілшілерге баяндап берген 60 жастағы Кэти МакМиллан Баззи есімді мұсылман әйелдің айтуынша, аталмыш сауда орнының қызметкерлері, неге екені белгісіз, шабуыл жасағандарды емес, мұсылман отағасын ұстап тұрған. Исламофобтарға да керегі осы – мұсылман отағасын екілене ұрып-соққан. Полиция дабылын ести салысымен табандарын жалтыратып, тайып тұрған. Бұл жайында Arab American News ақпарат көзі хабар таратты. Тәртіп сақшылары мұсылман отбасына шабуыл жасағандарды іздестіріп жатыр.

 

«Халал» белгісі жапсырылған шұжықтың құрамынан доңыз еті шықты

Әзірбайжанның стандарттау, патенттеу және метрология жөніндегі мемлекеттік комитеті үстіміздегі жылдың қаңтар айында тұтыну нарығына мониторинг жүргізген болатын. Тексеру нәтижесінде кей фирмалардың қызметінде елеулі кемшіліктердің бары анықталды. Мониторинг кезінде "Lider R.M" фирмасының "Сервелат колбасасы", "İlahə-96" фирмасының шұжық өнімдерінен және «Аймин» ашық акционерлің қоғамының «Бақы» белгісі соғылған шұжығынан доңыз етінің қоспасы шықты. Сондай-ақ, Польшада өндірілген "Mister Ron" шоколадының құрамынан ішек таяқшаларына жататын бактерия табылды.

 

Калифорния мұсылмандары гүл таратты

Өткен сенбіде Оңтүстік Калифорнияның мұсылман әйелдері Коста-Меса қаласындағы South Coast Plaza-да тұрғындарға раушан гүлін тегін таратты.  Аталмыш акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қоғамды жайлаған ислам жайындағы жаңсақ ұғымға тойтарыс беру мақсатында қолға алынған. Осылайша бейбітшілікті, бірлікті, татулықты насихаттады. «Өкіінішке қарай, бұқаралық ақпарат құралдарында шынайы мұсылмандардың қандай екенін көрсете бермейді, негізінен ислам атына кір келтіріп жүргендер туралы көбірек сөз қылады»,- деді осы аталмыш шараны ұйымдастырушылардың бірі Шализеһ Афатаби.

 

10 жастағы мұсылман қызының ерлігі

Ресей Федерациясының Энгельс қаласындағы орталық мешіттің жанындағы жексенбілік мектепте оқитын 10 жастағы Әлфия Төжібаева есімді оқушы үстіміздегі жылдың ақпан айының 10-ы күні Еділ өзеніне батып бара жатқан көршінің баларын құтқарып қалды. 7 жастағы Даша мен оның 6 жастағы інісі Миша ойнап жүргенде мұз ойылып кетеді. Балалар мұздай суда малтығып, көмекке шақырады. Алайда, сол маңда Әлфиядан басқа тірі жан бола қоймайды. Ол ойланып жатпастан екеуіне көмекке ұмтылады. Суға кете жаздаған екеуінің көрер жарығы, суішкілігі таусылмаған екен, аман қалады. Артынан Әлфияның оқуда озат, қасиетті Құранды оқудан жыл сайын өтетін жарысты 2013 жылы бірінші орын алғаны белгілі болды.

0 пікір