Әлем бойынша құлдардың саны қаншаға жетті, соның ішінде Қазақстанда адам құлдықта жүр
Әлем бойынша құлдардың саны қаншаға жетті, соның ішінде Қазақстанда адам құлдықта жүр
6 жыл бұрын 3599 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде бас еркінен жаза басып, яғни, қылмыс жасап айырылғандар турасында емес, өзгелердің қылмысынан жапа шегіп, құл атанғандар қарасы 40,3 млн адамға жеткен. Осы бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі әлемнің 167 елінің аталмыш мәселе бойынша жасалған статистикалық мәліметіне қарап жасалған екен. Осы заманғы құлдықтың кез келген түрі қаперге алынған: мәжбүрлеп жұмысқа шегу, соның ішінде, балалар еңбегін қанау, мәжбүрлеп неке қидыру (бұл да адамның бас еркінен айыруға жатқызылған), т.б. құлдықтың барлық санаты бойынша адам ұрлығы (жұмысқа жегу, ағзасын сату, т.б.), теріс жолға түсіріп (зина) пайда табу, т.б. өлшемдер назарға алынған. Құлдық әйелдер арасында кеңінен тарағаны анықталып отыр, соның ішінде, әйелдер еңбегін қанау - 71 пайыз. 24,9 млн әйел мен қыз балалар қожайынның жұмысына жегілген. 15,4 млн әйел өз еркінен тыс тұрмысқа шыққан. Бұл тізімде еліміз, яғни, Қазақстан 83-ші орынға жайғасқан. Walk Free ұйымы келтірген дерекке қарағанда, елімізде 75 мың адам құлдықта өмір сүреді. Әрбір мың тұрғынға шаққанда 4,21 құлдан келеді екен. Ал аталған тізімде Солтүстік Корея көш бастап тұр - ел тұрғындарының 10 пайыздан астамы өз еркінен тыс жұмысқа жегілген. Мемлекет мүддесі үшін. Екінші орынға Эритрея табан тіреген - әрбір мың тұрғынға 93 құлдан келеді, ал үшінші орыннан Бурунди көрінген - мың тұрғынға 40 құлдан келеді, Орталық Африка ресупбликасы (23 құлдан), Ауғанстан (23 құлдан) Мабритания (21 құлдан) және Оңтүстік Судан Пәкістан, Камбоджа, сондай-ақ, Иран (мың тұрғынға 16-20 құлдан келеді). 

0 пікір
Мұрағат