Әлем бойынша жастардың қаншасы не білім алмайды, не жұмыс істемейді
|
Халықаралық еңбек ұйымы келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы 3,3 млрд адамның жұмысы болған. Алайда, олардың көбісі аз жалақыны қанағат тұтуға тура келген әрі ауыр жағдайда жұмыс істеген. "Жұмыспен қамту - лайықты өмір сүруге кепілдік болмайды. Әлемде 700 млн адам кедейлік қамытынан құтылмаған. Жұмысы бола тұра",- деді аталмыш ұйымның жетекшісі Дамьян Гримшоу. "Жұмыстың саны болғанымен сапасы жоқ. Теңдік пен лайықты жұмыс қана тұрақты дамудың басты факторы бола алады",- деді ХЕҰ жетекшсінің орынбасары Дебор Гринфилд әріптесінің сөзін толқтырып. Сондай-ақ, Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары әлем бойынша жұмыспен қамтуда гендерлік теңдікке қол жеткізе алмағандарын мойындады. Әлем бойынша әйелдердің тек 48%-ы ғана жұмыспен қамтылған, ал ер-азаматтар арасында бұл көрсеткіш 75%-ды құрайды. Бұдан бөлек, әлем бойынша жастардың 20%-ы не білім алып жатқан жоқ, не жұмыс істемейді. Еңбекке ең қабілетті жастардың әлеуеті пайдаланылмайды. Сонымен қатар, аталмыш ұйым өкілдері ресми емес жұмыс істейтіндер қарасы әлем бойынша әлі де көп екенін алға тартуда - 2 млрд адам. Жұмыссыздық деңгейі ең төмен аймақ - Еуропа. Ал Орта Азияда формалды емес секторда, яғни, ресми емес жұмыспен қамтылғандар қарасы шамамен 43%-ға жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды