Әкім: Баламның бабасы маймыл емес!
Әкім: Баламның бабасы маймыл емес!
10 жыл бұрын 3779

Үстіміздегі жылдың тамыз айының 21-і күні мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясында сөз сөйлеген Қазан қаласының әкімі Илсұр Метшин әлі күнге дейін мектеп қабырғасында адамның шығу тегіне қатысты дарвинизм теориясының оқытылып келе жатқанына таңданыс білдірді. «Ғалымдар адам мен маймыл жасушаларының әртүрлі екенін әлдеқашан дәлелдеген. Менің балаларым адамды жаратқан құдай емес, маймылдан тараған екен деп ойлайды», – деді ол. Сондай-ақ, ол бұл мәселені аяқсыз қалдырмай федералдық деңгейде көтеретінін жеткізді. Мұндай мәлімдемені бұрын Санкт-Петербор заң шығару мәжілісінің депутаты Виталий Милонов та жасаған болатын. Ол дарвинизм теориясын «сандырақ» деп атап, эволюцияның құр долбарға сүйенген негізсіздігін сынға алған болатын. Ресей Федерациясы думасында да дарвинизмге қатысты мәселе көтеріліп, халық қалаулылары адамның шығу тегіне байланысты тек бір ғана теорияның оқытулы керектігі алға тартқан еді. «Біртұтас Ресей» партиясы атынан сайланған депутаттардың бірі 2012 жылдың соңында оқу бағдарламасына діни теорияны да енгізу керектігін, сол арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді ұсынған болатын. 

0 пікір
Мұрағат