Әжімнен қорқып, 40 жыл езу тартпаған әйел
Әжімнен қорқып, 40 жыл езу тартпаған әйел
2 жыл бұрын 1788

Тесс Кристиан есімді 50 жастағы әйел, міне, табаны күректей 40 жыл болды, жүзіне әжімнің қаптауынан қорқып, бірде-бір езу тартқан емес. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Бет терісінің теп-тегіс болуын қалап, күлкі шақыратын сәттерде де езу тартпайтын британдық әйел расында да құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда жас көрінеді. Оны таныстары «Моно Лиза» атап кеткен болатын. Жиын-тойда да ол езу тартып болса да өз шаттығын білдірмеуге тырысатын көрінеді. Психологтар шат күлкінің адам денсаулығына тигізер пайдасын айтып тауыса алмай жатыр. Көтеріңкі көңіл күйдің адамды жасартатынын да алға тартып отыр. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, күлкі адам бетіндегі бұлшық етті қозғалысқа келтіреді. Ол өз кезегінде эндрофиндердің («шаттық гормоны») пайда болуына жол ашады.

0 пікір
Мұрағат