Айкезбе қыз көрші қалаға өтіп кеткен
Айкезбе қыз көрші қалаға өтіп кеткен
10 жыл бұрын 5651

Норвегияда Тея есімді 5 жастағы айкезбе қыз ұйқылы күйінде төрт шақырым қашық жатқан көрші елдімекенге өтіп кеткен. Бір шақырымға созылатын қараңғы туннелден қалай өткенін өзі де білмейді. Сол түні қатты жел соғып, ауа температурасы нөл градусқа дейін төмендеген болатын. Айкезбе қызды ересектер көрші қаладан тапты. Тек іш киімі мен аяғында бәтіңкесі болған. Түн суық болғанына қарамастан Тея жаурамағанын жеткізді. Әке-шешесіне түсінде өртті көргенін де айтып берді. Былайғы жұрт оның төрт шақырымды артқа тастап, көрші қалаға қалай аман-есен жеткеніне таң қалуда. Ғалымдар айкезбеліктің сырын әлі күнге дейін ашқан жоқ.

0 пікір
Мұрағат