Әйеліне жеккөретінін айтқан түрік азаматына айыппұл салынды
Әйеліне жеккөретінін айтқан түрік  азаматына айыппұл салынды
9 жыл бұрын 2929

Түркия соты сүймейтінін жарына айтқан ер адамға айыппұл салды. Әйелінің көңіліне келетін сөзді айтқаны үшін. Және бір емес, бірнеше рет жұбайына сүймейтінін айтқан көрінеді. Бұл жайында Daily Sabah басылымы хабар таратты. Бұған қоса, әйелін талай рет үйде жалғыз қалдырып кететіні де ескеріліп, сот ер адамға қатысты осындай үкім шығарған. Мұндай шешімдер Түркия сотында жиі қабылданады екен. Өткен жылдың желтоқсан айында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, түрік әйелдерінің 75 пайызы жұбайы тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап, отбасылық кикілжің жиі қайталанатын көрінеді. 

0 пікір
Мұрағат