Әйелдер ең көп, ең аз жұмыспен қамтылған ел анықталды
Әйелдер ең көп, ең аз жұмыспен қамтылған ел анықталды
2 жыл бұрын 934

Халықаралық еңбек ұйымы Үлкен жиырмалыққа кіретін, былайша айтқанда, әл-ауқаты жоғары немесе экономикасы дамыған G20 елдері арасындағы әйелдердің жұмыспен қамтылу көрсеткішін жариялады. Аталмыш ұйымның зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл жағынан келгенде Канаданың көш бастап тұрғаны белгілі болды – бұл елдегі ақ жаулықтылардың 77%-ы жұмыс істейтін болып шықты. Екінші орында Германия мен Ұлыбритания жайғасқан – 74%. Одан кейінгі орынды Қытай мен Австралия місе тұтқан – 72%. Одан ары АҚШ пен Жапония – 71%; Ресей Федерациясы – 69%, ал Францияда 67%-ды құраған. Тізімнің соңғы жағында Сауд Арабиясы (20%), Үндістан (29%) және Түркия (34%) тұр.

0 пікір