Ағайындылар не үшін таласты?
Ағайындылар не үшін таласты?
10 жыл бұрын 3962

Исі мұсылманның киелі бесігі – Сауд Арабиясында екі ағайынды, яғни, ағасы мен інісі анасына қамқор болу үшін таласып қалған. Ағасы Хайзан әл-Фахайди анасын інісіне беруден бас тартқан. Осыған байланысты інісі ағасының үстінен сотқа шағым түсірген. Ағайындылар анасының мұрасы үшін емес (мұра дейтін мұрасы да жоқ жалғыз жүзігінен басқа), сауап үшін бір-бірімен таласып қалғанын айта кеткіміз келеді. Сот алқасы алдымен анасына сөз берген көрінеді. Ол екі ұлын да бөле-жармай: «Біреуі менің оң көзім болса, екіншісі – сол көзім», - деп жауап берген екен. Сот алқасы ақылдаса келе ағайындылар арасындағы талас-тартысты кіші ұлдың пайдасына шешіп берген. Өйткені, оның денсаулығы ағасына қарағанда мықты болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат