Африканың батысында безгек өршіп тұр
Африканың батысында безгек өршіп тұр
10 жыл бұрын 3190

Африка құрылығының батысында Эбола безгегі өршіп тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, аталмыш індеттен сырқатқа шалдыққан 844 адамның бес жүзден астамы опат болған. Сондай-ақ, Сьерра-Леон мен Либерияда соңғы аптада 50 адам вирус жұқтырған. Бұл індет ең алдымен Гвинеяда қаңтар айында басталып, көрші елдерге таралған. Ең өкініштісі, безгекке қарсы ем болатын дәрі әлі табылған жоқ. Індет жанасу арқылы жұғады. Адамның дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, бас ауырады, әлсіреп, бұлшық еттері босайды. Буындары сырқырайды. Бірнеше күннен кейін адамның қаны тоқтамайды. Ауру жұқтырған адам қанның тоқтамауынан өледі.

0 пікір
Мұрағат