Африкада мина іздегіш аппараттың қызметін пілдер атқармақ
Африкада мина іздегіш аппараттың қызметін пілдер атқармақ
9 жыл бұрын 3678

Оңтүстік Африка Республикасында пілдер жарылғыш заттарды іздеуге үйретіле бастады.

Үйрету жұмыстарын жергілікті мамандар АҚШ Қарулы күштерінің сарапшыларымен бірлесіп жүргізіп жатыр. Бұл жайында nur.kz сайты Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Ранчо қызметкері Шон Хенсманның (Sean Hensman) айтуынша, пілдердің ерекше иіс сезу қабілеті бар көрінеді. Мәселен, жиі қарулы қақтығыстар болып тұратын Ангола елінде пілдер жарылғыш заттар орнатылған аумақтарды сезіп, ол жерді айналып өтеді екен.

Жуырда мамандар 17 жасар Чишуру (Chishuru) есімді пілге тексеру жүргізіп көрген. Бірнеше шелекті қатар қойғанда, Чишуру қайсысының астында жарылғыш зат бар екенін сезіп қойған.

Шелектің жанына келіп, артқы аяғын көтерген. АҚШ әскери сарапшысы Стивен Лидің (Stephen Lee) айтуынша, бұл жануарларды әскери іс-қимылдар кезінде пайдаланылмайды.

 

Ғалымдар пілге ұзын тұмсықтың не үшін керектігін анықтады

Acta Zoologica журналында жарияланған зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, егер пілдердің тұмсығы ұзын болмағанда олар өз денелеріне лайықты мөлшерде қоректене алмас еді. 

Тұмсықтарының көмегімен алып жануарлар құнарлы және жұмсақ өсімдіктерді қиналмастан жұлып жейді. Ғалымдардың айтуынша, пілдердің ауыз қуысы мен бас сүйегі өзге жануарлардікі секілді емес, олар еңкейіп жерде өсіп тұрған шөпті аузымен жұлып жей алмайды. Пілге тұмсық сол үшін керек дейді зерттеу жүргізген мамандар. Айта кетейік, пілдер Жер бетінде өмір сүретін ең үлкен жануарлар. Олар бір күнде жүздеген келі жапырақ пен шөпті азық етеді. Ал «Жас Алаш» газетінде жарық көрген дерекке қарағанда, пілдер кәрілік пен аштықтан өлмейді, тісі түсіп қалғаннан өледі екен. Өйткені, шайналмаған шөп оның асқазан қызметін бұзып, артынан ажалына себеп болады.  

0 пікір
Мұрағат