Адамзаттың төрттен бірі су тапшылығынан зардап шегетін аймақтарда тұрады. Бұл тізімде Қазақстан қай орыннан көрінген?
Адамзаттың төрттен бірі су тапшылығынан зардап шегетін аймақтарда тұрады. Бұл тізімде Қазақстан қай орыннан көрінген?
3 ай бұрын 510 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамзаттың төрттен бірі су тапшылығынан зардап шегуші 17 елде өмір сүріп жатыр. Бұл жайында AFP ақпарат көзі Әлем ресурстары институтының, яғни, «World Resources Institute» (WRI) осы бағытта жүргізген зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Су тапшылығы қатты орын алған 17 ел: Катар, Израил, Либан, Иран, Иордания, Либия, Кувейт, Саудия, Эритрея, Біріккен Араб Әмірлігі, Сан-Марино, Бахрейн, Үндістан, Пәкістан, Түркіменстан, Оман және Ботсбана. Осылардың ішіндегі Таяу шығыс аймағы мен Африка құрлығының солтүстігіндегі 12 елде су тапшылығы орын алған. Бұл тізімде 13-ші орынға табан тіреген Үндістан су тапшылығының зардабын тартып отырған қалған 16 ел тұрғындарының бәрін қосқанда халқының саны асып кететіндіктен, су тапшылығынан қатты зардап шегетін болады. «Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп және муниципалитет су тапшылығынан зардап шегіп отырған 17 елдегі жер бетіндегі әне жерасты суының 80%-ын тұтынады. Орташа есеппен»,- деп айтылған Әлем ресурстары институтының мәліметінде. «Су тапшылығының зардабы азық-түліктің жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады, су ресурсы үшін қарулы қақтығысқа, миграцияға кеңінен жол ашады»,- деді WRI-дің бас директоры Эндрю Стир. Тіпті, су тапшылығы қатты сезілмейтін елдердің өзі кез келген сәтте су ресурсы үшін жанжалдасып қалу қатері жоғары. Ал Орта Азия елдеріне келсек, бұл аймақ та су тапшылығын тартып отырған өңірге кіреді. Мәселен, Орта Азия бойынша Түркіменстан су тапшылығын қатты тартып отырған 17 елдің ішінде 16-шы орыннан көрінген. Бұл Орта Азия аймағының да су тапшылығының зардап шегіп оотырғанын білдіреді. Су тапшылығын тартушы елдер тізімінде 25-ші орыннан көрінген Өзбекстан да, 38-ші орынға жайғасқан Қырғызстан да болашақта су ресурсының тапшылығын қатты тартуы мүмкін, тіпті, су қоры мол Тәжікстанның өзі 51-ші орыннан төмен емес. Қазақстан бұл тізімде 60-шы орында тұр... Десе де Дүниежүзілік банк келтірген дерекке қарағанда еліміздегі су ресурсының мөлшері 2030-2050 ылдар аралығында 15,5%-ға дейін, яғни, 76 млрд текше метрге дейін кемиді.

0 пікір
Мұрағат