Адамның жүзін тану жүйесін әжетханаға дейін қойып жатыр... Бұл не үшін қажет болды?
Адамның жүзін тану жүйесін әжетханаға дейін қойып жатыр... Бұл не үшін қажет болды?
4 жыл бұрын 2743 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамның жүзін тану жүйесі Бейжіңнің қоғамдық әжетханаларында 2017 жылдан бері бар. Осы уақытқа дейін айтып келгеніміздей, адамның жүзін тану жүйесіне арналған жасанды интеллекті Қытайда кеңінен пайдаланылып келеді. Тіпті, осыдан бірер күн бұрын Қытайда ел тұрғындары интернетке енді адамның жүзін тану жүйесі арқылы кіретіні турасында да айтып өткен болатынбыз қараңыз: Енді интернетке адамның жүзін тану жүйесі арқылы кіретін боласың (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/endi-internetke-adamnyn-juzin-tanu-juiesi-arqyly-kiretin-bolasyn-12507/#gsc.tab=0). Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Адамның жүзін тану жүйесі тек қылмыскерлерді ұстауға көмектесіп қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түрлі қоғамдық әрі қайырымдылық шараларға ынталандыру (мәселен, әлеуметтік рейтинг жүйесі), т.б. мақсатта, сондай-ақ, авторитарлы елдерде ел тұрғындарын қадағалау үшін қолданылады. Ал адамның жүзін тану жүйесі әжетханада не үшін керек болды? Мәселен, туристер көп баратын Гуандун провинциясындағы Шамянь аралындағы қоғамдық әжетханаларда адамның жүзін тану жүйесі қағаз үнемдеу үшін керек. Әжетханаға бас сұққандарға артық-кемі жоқ 90 сантиметр әетхана қағазы беріледі. Адамның жүзін тану жүйесінен өткеннен кейін. Егер әжетханаға 10 минут ішінде қайыра тағы кірсе, ол әжетхана қағазын ала алмайды. Қазіргі уақытта қытай билігі ел аумағындағы 700-ден аса «ақылды» әжетхана  нфрақұрылымын салуға дайындалып жатыр. Десе де мұндай жаңашылдыққа ел тұрғындарының көбісі наразы. «Жасанды интеллектіні сюрреализм саласында қолдану асыра сілтеудің анық белгісі. Бәлкім, адамның үзін тану жүйесі қағаз үнемдеуге мүмкіндік беретін шығар, алайды, адамдардың уақытын алады. Қоғамдық әжетханада ұзын-шұбақ кезек пайда болады, әжетхана қағазын алу үшін автоматтың алдында бірнеше секунд тұруы тиіс»,- деді Гуанчжоулік инженер Ника Йи. Бір ғана Шанхай мегаполисінде 150-ге тарта қоғамдық, «ақылды» әжетхана бар. Бір тәуірі, әжетхана ішіндегі датчиктер адам түзге отыратын кабина ішіндегі ауа сапасын қадағалап, суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Биылдың өзінде Қытай қалаларындағы «ақылды» әжетхана нарығы 10 трлн юанға (1,4 трлн долларға) жеткен. 2022 жылы бұл көрсеткіш 25 трлн юанға жетпек.

0 пікір
Мұрағат