Адам етін жегіштер (каннибалдар) жайында (фото)
Адам етін жегіштер (каннибалдар) жайында (фото)
2 жыл бұрын 3827

Италиялық фотограф Кристиано Остинелли үнділердің каннибал сектанты – агхорлар жайындағы фото-жобасын ұсынды.

Үндістандағы кісі етін жейтін сектанттықтардың соқыр нанымға негізделген ғұрпы адамның жанын түршіктіреді: олар кісі етін жеумен шектелмей, мәйіттің үстінде жатып ұйықтайды, адам өртелген жерде медитация жасайды және адам бас сүйегін тостаған қып, сусын ішеді. Агхорлар есірткі қолданбайды немесе ішімдік ішпейді. Десе де, соқыр нанымнан туындайтын сорақылықтарға елең етпейтін үнді қоғамының өзінде оларға шошына әрі жиіркене қарайтындардың қарасы көп. Буддашылар мен индустар каннибалдарды тағылар деп біледі және соған орай олардың әдет-ғұрпын руханиятқа жат санайды. Ал агхорлардың өздері дәстүрлі сенімдегілерді мойындамайды. Олар өздері ұстанып отырған әдет-ғұрыптың ұшпаққа шығаратынына көзсіз сенеді. Хат танымайтын сауатсыздар олардың тұзағына тез түсіп қалады. Аталмыш сектанттың қатарын толықтыратын да солар. Каннибал сектантындағылар тек жабайы ғұрпымен ғана емес, сонымен қатар, сыртқы келбетімен де ерекшеленеді: жыртылған киім, ұйпа-тұйпасы шыққан шашы, жылдар бойы жуынбағандықтан кірден баттасып кеткен денесі елден ерекшелеп тұрады. Олар Үндістанның барлық аймағында кездеседі. Алайда, Бенгалияның батысында орын тепкен Таралит қаласында шоғырланған. 

Агхори из Ванаси. Автор фото: Cristiano Ostinelli.
Мрачный жрец, поклоняющийся индуистскому богу Шиве. Автор фото: Cristiano Ostinelli.
 
Наводящие ужас агхори. Автор фото: Cristiano Ostinelli.
 
Вполне дружелюбный агхори. Автор фото: Cristiano Ostinelli.
 
Агхори на улицах Варанси. Автор фото: Cristiano Ostinelli.
 
Отшельник из Варанси. Автор фото: Cristiano Ostinelli.

Агхори из Варанси. Автор фото: Cristiano Ostinelli.

Отшельник. Автор фото: Cristiano Ostinelli.
 
Святой изгой агхори. Автор фото: Cristiano Ostinelli.
Агхори. Автор фото: Cristiano Ostinelli.
11 пікір
  • Алла дін жібермегенде біз де қараңғылықтың қапасына қамалып, осыған ұқсас күйде болар едік. Аллаға шүкір мұсылманбыз!
    2 жыл бұрын
    • Дұрыс айтасыз Қайрат аға. Тура бір джахилия дәуірінде өмір сүріп жатқан іспетті. Аллаһ сақтасын!
      2 жыл бұрын
  • Сумдыкай маскара,жиркеништи,Кайрат Ага сиз дурыс айттыныз
    2 жыл бұрын
  • Біз де "бауырларымыздың етін" жеп қойып жүрміз-ау. ((
    2 жыл бұрын
  • салтан осы жерде дұрыс аңғарған рухани өлшем бойынша біз олардан қаншалықты озып кеттік? жауабы да сойқан шығар...
    2 жыл бұрын
  • Аллаға шексіз шүкір мұсылман болып туылғанымызға
    2 жыл бұрын
  • Біз мұсылмандар бұл қауымдарға миссионерлерді жіберуіміз керек. Тек мықты, күшті, рухы бар адамдарды, әйтпесе Джеймс Кукты сияқты, жіберген миссионерлерімізді жеп қоюлары мүмкін.
    2 жыл бұрын
  • Алланың бізге берген нығметі шексізғой шіркін! Алланың дінін Алла елшісі бізге әкелмегенде бәлкім бізде осылардың қатарында болмас па едік? сіздермен біздерді мұсылман қылған Аллаға шүкір.
    2 жыл бұрын
  • Шукир мусылманбыз, бірақ мұсылмандығымыз тек тіліміздің ұшында болмасын
    2 жыл бұрын
  • демің таусылғанша алға ұмтылып өтесің, әйтпесе тұйық суда түлен туадының керін құшасың, қу жанға маза жоқ деген осы
    2 жыл бұрын
  • Аллаха шүкір муслманбыз
    2 жыл бұрын