Әбу Бәкір әл-Бағдади өлді ма?
Әбу Бәкір әл-Бағдади өлді ма?
2 жыл бұрын 1322

Кеше АҚШ әуе күштері Сирия шекарасына жақын орналасқан Әл-Қайым елдімекеніне басқосу үшін кетіп бара жатқан ИСИМ лидерлерін нысанаға алды. Саудиялық Әл-Хадат телеарнасы бұлардың арасында ИСИМ лидері, өзін халифа жариялаған Әбу Бәкір әл-Бағдадидің де болғанын хабарлады. Шабуыл барысында оның да жараланғаны не өлгені жорамалданып отыр. Бірақ әлі қандай жағдайда екеніне байланысты ресми нақты ақпарат жоқ. Мосулдағы мүрдеханаға АҚШ әуе шабуылынан кейін 50 ИСИМ содырының мәйіті әкелінгені де белгілі болып отыр. Бұл мәйіттердің арасында Бағдади бар ма, жоқ па, ол да әлі анықталуда. Британия басштабының басшысы генерал Николас Хоугтон BBC телеарнасына берген сұхбатында: «Бағдадидің өліп-өлмегені жайында нақты ештеңе айта алмаймын», – деп отыр. Бұны анықтау үшін бірнеше күн кететінін жеткізді. Ирақтың әскерилері мен арнайы барлау қызметі де қазір Бағдади жайында қандай да бір ақпаратқа қол жеткізу үшін жұмыс істеуде.

Десек те, ИСИМ-нің баспасөз хатшысы Әбу Мұхаммед әл-Аднани «туиттер» арқылы жасаған мәлімдемесінде Бағдадидің жараланғанын хабарлады. Ол «туиттерінде»: «Халифаның өлімімен халифалық тоқтайды деп ойлайсыңдар ма?», – деп, Бағдадидің денсаулығы жақсы екенін мәлімдеді.

0 пікір