750 жыл өмір сүрген емен ағаш өртеніп кетті
750 жыл өмір сүрген емен ағаш өртеніп кетті
9 жыл бұрын 6432 baq.kz

Польшада өрт кезінде 750 жылдық емен ағашы айтарлықтай зақымданды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, вандалдар ағашты әдейі өртеген. 

Шпротав қаласындағы орманшы Ежи Вилановски мәлімдегендей, өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 30 сағаттай алысқан. Ал, ағаштың аман қалу қалмауы көктем келе белгілі болады дейді ол.

Емен ағашын жергілікті тұрғындар патша Болеслав Храбрыйдың құрметіне «Chrobry» деп атап кеткен. Оның діңгегінің диаметрі 10 метр, биіктігі 28 метр. Польша заңына сәйкес, оны өртеген адам ұсталған жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат